«Жастар мен кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу туралы» тақырыбында көшпелі кеңес өтті.
Ағымдағы жылдың 12 сәуір күні «Тараз-Болашақ» жоғары медициналық колледжінде облыс прокурорының бастамасымен мобильді топ мүшелерінің қатысуымен 1-2 курс студенттеріне «Жастар мен кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстық құқық бұзушылық профилактикасы туралы» тақырыбында көшпелі мәжіліс өткізілді. Іс-шараға облыс прокурорының 3-ші басқарманың аға прокуроры Кемелхан Данияр Уалиханұлы, Тараз қалалық 2-ші ПБ аға инспекторы, полиция майоры Қазбеков Асылхан Фазылұлы, Облыстық білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығының әдіскері Пернебаева Асима Анарбекқызы, № 2 емхананың дәрігері Дүйсен Назерке Сержанқызы қатысып баяндама жасады. Сондай-ақ, келген қонақтарға белсенді студенттер тарапынан түрлі сұрақтар қойылып, жауап алынды.