Оқу-әдістемелік жұмыс
Білім беру үрдісін басқарудың ең негізгі бөлігі- әдістемелік жұмыс.
Әдістемелік қызмет- ғылыми жетістіктерге,озат педагогикалық тәжірибелерге, оқу-тәрбие үдерісі бойынша жасалған қорытынды талдау мен сараптамаларға негізделген біртұтас жүйе.
Әдістемелік қызмет барысында оқытушының кәсіби деңгейінің өсуін және құзыреттілігін қалыптастыру мақсатында, 2018-2019 оқу жылынан бастап «Инновациялық, ақпараттық технологияларды оқу үрдісіне енгізу негізінде бәсекеге қабілетті құзіретті маман қалыптастыру» атты әдістемелік тақырып бойынша жұмыс атқарылуда. Әдістемелік тақырыптың мақсаты: Оқытушылардың өзіндік ізденісі мен ғылыми педагогикалық шығармашылығын дамыту арқылы кәсіби әдістемелік құзыреттілігін қалыптастыру.
Орталық әдістемелік тақырыпты басшылыққа ала отырып, оқу әдістемелік бірлестік ж әне цикл әдістемелік комиссиялар пәндерді оқытудағы заманауи оқыту технологияларын оқу үрдісіне енгізді. Әдістемелік тақырып бойынша оқу әдістемелік бірлестік және цикл әдістемелік комиссиялар бесінші жыл осы тақырып бойынша жұмыс атқаруда.
Әдістемелік жұмыстың негізгі бір бөлігі ОӘБ және ЦӘК – тердің онкүндік апталығын өткізуге көмек беру, іс-шаралардың жүргізілу барысын қадағалау. ОӘБ және ЦӘК-дің онкүндік іс-шаралары жоспарланып, жоспар бойынша іс-шаралар уақтысында өткізіледі. Оқу жылының І-жартысында "Гуманитарлық және жалпы білім беру пәндері» ОӘБ онкүндік апталығы өткізіліп, іс-шаралар жинағы, есебі әдістемелік кабинетке өткізілді.
Әдістемелік кабинетте оқу жылының І-жартысында оқыту, проблемалық, әдістемелік семинарлар,библиографикалық шолу жүргізілді, атап айтсақ: «Иммитациялық әдістермен оқыту арқылы жан-жақты тұлғаны қалыптастыру» оқыту семинары, «Болашақ оқытушылардың педагогикалық кәсіби іс-әрекетін қалыптастырудың дидактикалық мүмкіндіктері» әдістемелік семинар, «Студенттердің шығармашылық белсенділігін дамытуда оқытудың жаңа технологиясын қолдану» проблемалық семинар, «Қазіргі сабаққа қойылатын талаптар" оқыту семинары, "Білікті-білім жинап, кәсіп етер, Білімнің дәмін татып, өсіп өтер" атты библиографиялық шолу, Қазақстан Республикасы-ның Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауын насихаттау жұмысы жүргізілді.
Колледжде озық педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау, тарату қорытындылау жұмысы ұйымдастырылған. 2023-2024 оқу жылында «Терапия» пәнінің оқытушысы А.Баймуратова"Терапия» пәнінде деңгейлеп-саралап оқыту, сыни тұрғыдан ойлау,жобалап оқыту технологиялардың ерекшеліктері мен құндылығын зерттеу жұмысында, технологиялардың әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы зерттеу құзыреттілігін қалыптастырды.Өткізген жұмысы бойынша семинар өткізіп, материалдар жинағын жасап әдістемелік кабинетке өткізді.
Қазіргі таңда кәсіптік салада жан-жақты білімді, білікті, іскер, бәсекеге қабілетті маман даярлауда әрбір студент жан-жақты ізденуге, өздігінен тың жаңалықтар ашуға, қай салада болмасын, ғылыми жұмысқа деген бейімділігін қалыптастыру көзделуде. Осы орайда колледжде оқытушылар мен студенттердің «Интеллект» ғылыми қоғам орталығының жұмысы ұйымдастырылған. 2023-2024 оқу жылында «Интеллект» ғылыми қоғам орталығының жұмысы Қосаева:Г.Т. жүктелді. .«Интеллект» ғылыми қоғам орталық жұмысының жоспары жасалынып, ай сайын ғылыми жұмыс отырысы жүргізілуде. Атап айтсақ: Бақытжанқызы Ж.Б.«Тұмау және респираторлы вирусты инфекциялар», Мырзабаева А.Т. «Жаңа Қазақстандағы, Жаңа Ағылшын",Мұхамедгалиева М.С."Қәлі ауыр науқастарға күтім" атты ғылыми жұмыстар жүргізілуде.
Оқытушы қызметкерлердің педагогикалық кәсіби деңгейін арттыру мақсатында "Зерттеушілік әрекет арқылы жеке тұлғаны тәрбиелеу"атты педагогткалық шеберлік мектебі ұйымдастырылды. Педагогикалық шеберлік мектебінде оқытушылар, білім беру үдерісіне заманауи технологияларды енгізу бойынша қызметінің нәтижелерін сипаттау және рәсімдеу барысында 2023-2024 оқу жылында 4 оқытушы іс-тәжірибесімен бөлісті. Атап айтсақ: Тәттібаева Г.Д. "Моллекулалық биология және медициналық генетика пәнінің адам өміріндегі маңызы", Аязов Б.М."Спорт денсаулық кепілі", Кулишманова М.К. "Базалық реанимация",Мурзахметова Д.Б. "Жүрек қантамыр аурулары кезіндегі аспаптық зеріттеу әдістері" тақырыптарында шебер классы жүргізілді. Педагогикалық шеберлік классында өткізілген іс-шаралар материалдары жинақталып,әдістемелік кабинетке өткізілді. Педагогикалық құндылықты және жаңалық белгілерін қанағаттандыратын шығармашылық нәтижесін анықтау мақсатында авторлық бағдарлама жасау жұмысы жоспарланған. Авторлық бағдарлама мазмұнында,оқытушының әдістемелік жүйені құрудағы өзіндік жеке тәжірибесі, оның қызыметінің дербес стильде таратылғаны көрсетіледі. Осы мақсатта колледжде авторлық бағдарлама жасау жұмысы жүргізілуде. 2023 -2024 оқу жылында Хашимова .Р.Х."Влияние в разных факторов на здоровье человека",Темирова З.Е."Иммуна профилактика",Таңатарова М.У."Басқа тілден енген сөздер". атты тақырыптарда авторлық бағдарлама әзірлеу жоспарланған.
Колледжде жүйелі түрде жас оқытушылардың кәсіби педагогикалық біліктіліктерін арттыру мақсатында жас оқытушылар мектебінің жұмысы ұйымдастырылған. Жас оқытушыларға оқу-әдістемелік кешендерді,сабақ берудің әдіс-тәсілдерін, педагогикалық этика,эстетиканы қалай қолдану керек екенін үйрету мақсатында «Жас оқытушылар мектебі» жұмысын жүргізу Г.М.Абимолдаеваға жүктелген. «Жас оқытушылар мектебінің» жоспары жасалынып, ай сайын мектеп отырысы өткізіледі.
Оқытушылардың біліктілігін жоғарылату курстары кесте бойынша орындалады "Даму КZ" біліктілікті арттыру және қосымша білі беру орталығы, Қожарова З.С. Ғылым және жоғары білім министрлігі М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік Университеті кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығы Момынжанова.Г. 2023-2024 оқу жылында Арыстан.А.Б , Таттибаева Г.Д "Проблемалық-интегративті тәсіл және оны биология мен химияны оқытуда іске асыру әдістемесі" тақырыбында жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Біліктілігін арттырғаны туралы куәлік "Республикалық медицина Академиясы" ЖШС ЖЛ филиалы Аңдабаева А. А , Баймуханова Б.С., Қалымбетова Э.Б, Көккутанова Қ.А, Мухамедгалиева М.С.
2023-2024 оқу жылында әдістемелік кабинетте электрондық контент жасау жалғастырылуда,осыған орай, оқу жылы аяғында әр оқытушы дәріс беріп жүрген пәндерінен электрондық контентті (ОЖБ, КТЖ, сабақ жоспары, тірек конспектісі және т.б.) CD диск түрінде өткізу керек екендігі талап етіледі. Соған байланысты ЦӘК оқытушылары электрондық контентті CD дискіде электронды кітап, электрондық оқу-әдістемелік кешендер түрінде өткізіледі. Оқытушылардың оқу орнының жұмысына белсене қатысуы, оқыту үрдісін тиімді жүргізуі, мамандарды сапалы даярлау ісіне жауапты болуы, өте маңызды міндет.
"Гуманитарлық және жалпы білім беру пәндері» ОӘБ
онкүндік апталығы өткізіліп, іс-шаралар жинағы
«Иммитациялық әдістермен оқыту арқылы жан-жақты тұлғаны қалыптастыру» оқыту семинары
«Болашақ оқытушылардың педагогикалық кәсіби іс-әрекетін қалыптастырудың дидактикалық мүмкіндіктері» әдістемелік семинар
«Студенттердің шығармашылық белсенділігін дамытуда оқытудың жаңа технологиясынқолдану» проблемалық семинар
«Қазіргі сабаққа қойылатын талаптар" оқыту семинары
Жолдау материалдары
Озық тәжірибе материалдары
«Интеллект» ғылыми жұмыс материалдары
"Білікті-білім жинап, кәсіп етер, Білімнің дәмін татып, өсіп өтер" атты библиографикалық шолу
"Зерттеушілік әрекет арқылы жеке тұлғаны тәрбиелеу"атты педагогикалық шеберлік мектебі
Біліктілігін жоғарылату курстарынан өткен оқытушылар"Даму КZ" біліктілікті арттыру және қосымша білім беру орталығы, Қожарова З.С
Ғылым және жоғары білім министрлігі М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік Университеті кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығы Момынжанова Г.
"Проблемалық-интегративті тәсіл және оны биология мен химияны оқытуда іске асыру әдістемесі" тақырыбында Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығы. Арыстан.А.Б Таттибаева Г.Д.
Біліктілігін арттырғаны туралы куәлік "Республикалық медицина Академиясы" ЖШС ЖЛ филиалы Аңдабаева А. А, Баймуханова Б.С, Қалымбетова Э.Б, Көккутанова Қ.А, Мухамедгалиева М.С.
Электрондық контент жинақтары.