Жас мамандар мектебі
Жас мамандар мектебі
Колледжде жүйелі түрде жас педагогтердің кәсіби педагогикалық біліктіліктерін арттыру мақсатында жас педагогтер мектебінің жұмысы ұйымдастырылған. Жас педагогтерге оқу-әдістемелік кешендерді,сабақ берудің әдіс-тәсілдерін, педагогикалық этика,эстетиканы қалай қолдану керек екенін үйрету мақсатында «Жас педагогтер мектебінің» жоспары жасалынып, ай сайын мектеп отырысы өткізіледі.
Жас мамандар мектебі оқытушыларының отырысы


Колледждің педагог – психологы Г.С. Момынжанова жас педагогтермен «Оқытушының психологиялық әл-ауқаты» тақырыбында психологиялық тренинг өткізді. Тренингтің мақсаты: оқытушылардың психологиялық жағдайын жақсарту, эмоционалдық қажудың алдын алу, жағымды эмоционалдық ахуал қалыптастыру.
