Оқу-өндірістік жұмыс
«Тараз-Болашақ » жоғары медициналық колледжінің оқу – өндірістік жұмысы
«Тараз-Болашақ» жоғары медициналық колледжі нарық заманына сай жоғары кәсіпті орта буынды мамандарды дайындайды. Біздің басты міндетіміздің бірі жоғары білікті, өз ісін білетін, бәсекеге қабілетті, заманауи медициналық жетістіктерді қолдана отырып сапалы медициналық қызмет көрсете алатын мамандарды дайындау.
Қазақстан Республикасының медициналық мамандықтар бойынша техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты бойынша құрастырылған оқу бағдарламасы және медициналық колледждерде кәсіптік тәжірибені ұйымдастыру және өткізу ережесіне сай тәжірибелік оқыту ұйымдастырылады, жоспарланады және өткізіледі.
Оқу- өндірістік жұмыстың негізгі міндеттері:
– кәсіби тәжірибенің барлық деңгейлерінде студенттердің кәсіби дағдыларын қалыптастыру және нығайту үшін медициналық ұйымдармен жұмыс жүргізу;
-студенттерді дайындауда сапаны арттыру мақсатында инновациялық мейірбике ісі технологияларын қолдану;
-бітірушілерді жұмыспен қамыту мақсатында аймақтық ұйымдарында медициналық кадрлардың қажеттілігін зерттеу.
Тәжірибенің барлық түрлерін өту үшін және әр студентті жеке жұмыс орнымен оқу тәжірибесі кезінде қамтамасыз ету мақсатында Тараз қаласының және Жамбыл облысының 18 медициналық ұйымымен келісім шарт құрылды.
Келісім шартта денсаулық сақтау саласында қызмет атқаратын болашақ мамандарды дайындаудағы бірігіп жұмыс істеудің мазмұны, түрі, талабы көрсетілген. Барлық тәжірибе түрлерінен типтік бағдарламаға сай оқу бағдарламасы құрастырылып, медициналық ұйымдардың бас дәрігерлерімен бекітілген.
Оқу кабинеттері жоғары сапада өткізуге болатын, білікті мамандарды дайындауға болатын оқу – әдістемелік әдебиеттермен, техникалық оқу құралымен жабдықталған. Оқу кабинеттері студенттердің болашақ мамандығына және жұмыс орнына сай жабдықталған. Кабинеттер студенттердің базалық, арнайы, касіби құзыреттілігін нығайту үшін жабдықталған. Колледж кабинеттері мен лабораториялары заманауи медициналық құралдармен және тренажерлармен жабдықталған – жасы келген науқасты күту, нәрестені күту, жүрек өкпе реанимациясын жүргізу манекендері, күтім бойынша жан жақты манекендер мен тренажерлар.
Сонымен, колледжде:
-тәжірибелік оқыту нормативті құжаттарға және ҚР медициналық мамандықтар бойынша техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты бойынша жүргізіледі;
-жыл бойына әдістемелік жұмыс және материалды -техникалық база дамып келеді;
-Жамбыл облысының және Тараз қаласының медициналық ұйымдарымен тығыз байланыста жұмыс атқарылады;
-орта буынды медициналық қызметкерлерді дайындауда оқу процессінің жұмысы ұйымдастырылып оқу жоспары бойынша жүргізіледі