Стратегиялық жоспар және миссия
Кіріспе
Техникалық және кәсіптік білім берудің негізгі мақсаты - өз мамандығы бойынша кәсіби жұмысқа қабілетті, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, білікті мамандарды даярлау болып табылады.
Бұл мақсатты жүзеге асыру - оқу үдерісіне инновациялық технологияларды енгізуді ынталандыруға ықпал етеді және білім сапасын қамтамасыз етеді .
Колледждің негізгі мақсаты- ұлттық және халықаралық талаптарға сәйкес, «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриат бағдарламасын жүзеге асыру үшін жоғары колледждерге қайта ұйымдастыру мақсатында медициналық білім мен ғылымды жаңғырту. Жол картасының жобасын іске асыру қолданбалы бакалавриат «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша.
"Тараз-Болашақ" жоғары медициналық колледжі ЖШС жұмыс берушілер мен мамандардың сұранысын қанағаттандыруға ұмтылады, кәсіби дағдыларды және нарық жағдайына бейімдейді.
Колледж қызметі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына, ҚР Білім және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, «Техникалық және кәсіптік білім беру қызметінің үлгілік ережелері», 2020-2025 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады.
1. Колледждің миссиясы және көрінісі .
Колледж инновациялық оқыту технологияларын енгізу арқылы жоғары сапалы білім беру қызметін көрсетеді . Колледж түлектері еңбек нарығында еркін бәсекелесе алады және облыстың медициналық ұйымдарында және одан тыс жерлерде табысты жұмыс істейді.
Колледждің педагогикалық ұжымы өз қызметінің негізі ретінде
Колледж миссиясы : Отандық және халықаралық нарықта медицина саласының бәсекеге қабілетті кадрлық әлеуетін қалыптастыру мақсатында жоғары білікті мамандарды дайындайтын.
Көрінісі: Кәсіби құзіретті, бәсекеге қабілетті медициналық білімі бар маман даярлайтын жоғары колледждер қатына ену.
Мақсаты: Ұлттық классикалық үлгідегі колледжді әлемдік деңгейдегі жоғары колледжге айналдыру.
2. Ағымдағы жағдайды талдау .
Медициналық колледж 2004 жылы құрылған, мемлекеттік емес оқу орны, оқу нысаны: күндізгі
Колледж «Білім туралы» Заңға сәйкес 2 мемлекеттік атестациядан өтті. Колледж қызметі 2019 жылғы 13 мамырда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша білім саласындағы бақылау департаментімен берілген № KZ 191AA00016058 сериялық лицензиялар негізінде жүзеге асырылады, ҚР білім және ғылым министрлігі.
Колледж жарғысы Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңның 6- тарауының 41 бабына сәйкес әзірленген және білім беру ұйымының қызметін реттейді.
"Тараз - Болашақ "медициналық колледжі" ЖШС 2017-2021 жылдарға арналған Стратегиялық даму жоспары әзірленген бағдарламалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің тізбесі
- 1. 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы;
- 2. Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 26 қарашадағы №5 Жарлығы
- 3. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 9 ақпандағы Заңы;
- 4. Дүниежүзілік банктің «ҚР Денсаулық сақтау секторында технологияларды беру және институционалдық реформа жүргізу» қосымша құрамдауыш С1: Медициналық білім беру реформасы (шетелдік серіктес FUAS Финляндия);
- 5. «Денсаулық» 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама.
- 6. Мемлекеттік білім стандарты (МБСМ) 2016, 2013, 2010, 2023ж.
- 7. Республикадағы мейірбике ісін дамытудың кешенді жоспарының жол картасы Қазақстан 2020 жылға дейін.