Білім сапасы бөлімі

     «Білім сапасы бөлімінің» негізгі қызметі мен мақсаты: колледждің білім беру қызметінің сапасын арттыру, оны бақылау, болжау, бағалау, өңдеу және мониторинг жүргізу. Яғни, студенттердің білім алу сапасы мен оқытушылардың білім беру сапасын тексеру және сабақ жіберген студенттердің сабағын уақытылы тапсыруға жағдай жасау.

     Барлық емтихандар, сараланған сынақтар осы мониторинг бөлімінде өткізіледі.
Сабақ жіберген студенттер колледждің электрондық кітапханасына кіріп, қалған тақырыптарына дайындалып, оқытушының қатысуынсыз мониторинг бөліміне келіп тест тапсыра алады және автоматты түрде компьютер арқылы бағаланады.

     Қазіргі таңда колледждің электрондық кітапханасында барлық пәндерден дәрістер, электрондық оқулықтар енгізілген.
https://tarazbolashak.c-platonus.kz/ тестілеу базасына барлық пәндерден тақырыптар бойынша тесттер енгізілген.

     Сонымен қатар мониторинг бөлімінен директорлық қима бақылау алынады.Ол топтың білім алу сапасын, пәннің сапасын және оқытушының білім беру сапасын тексеру мақсатында алынады.

2024 © tarazbolashak.kz. «Тараз-Болашақ» жоғары медициналық колледжі.