Мейіргер ісі

Мамандығы: 09130100 – Мейіргер ісі

Біліктілігі: 4S09130103 – Жалпы тәжірибедегі мейіргер,

Оқыту түрі: күндізгі

Оқытудың нормативтік мерзімі: негізгі орта білім негізінде 3 жыл 10 ай

                                                        жалпы білім беру негізінде 2 жыл 10 ай

Біліктілігі: 5АВ09130101– Қолданбалы бакалаврдағы мейіргер ісі

Оқытудың нормативтік мерзімі: жалпы білім беру негізінде 3 жыл 6 ай

 

     Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау үлгерім мониторнгі аралық және қорытынды  атестаттау арқылы жүзеге асырылады. Жылына әр курс бойынша 1440 сағат орындалады. Негізгі орта білім негізінде 5760 сағатты құраса, жалпы білім беру негізінде 4320 сағаттары орындалады. Пәндер бойынша практикалық сабақтар және оқу практикасы 2 –ші курстан бастап қосылады және сағат сандары 60 пайыздан аспайды. Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғарғы көлемі күндізгі оқыту нысанында міндетті оқу жүктемесі – аптасында кемінде 36 сағат, сондай- ақ факультативтік сабақ пен консультацияны қоса алғанда 54 сағаттан аспады. Оқу жұмысының барлық түрлерінің оқу сабақтары үшін академиялық сабақ 45 минуттан аспайды. Бір қос сабақтың ұзақтығы 2 академиялық сағатты немесе 90 минутты құрайды.

Мамандық бойынша білім беретін оқу бағдарламасын меңгеру нәтижесінде білім алушы:

- күтім бойынша барлық манипуляцияларды өздігінше орындау, медициналық мекемелерде нормативті және медициналық құжаттарды рәсімдеу;

- ішкі мүшелердің ауруларының симптомдарын анықтауды игеру, манипуляциялар іс-әрекетін игеру;

- кезек күттірмейтін операциялар үшін науқастарды зертханалық, функционалды, аспапты тексеру әдістеріне даярлау іс-әрекеттерін игеру;

- физиотерапиялық әдістердің негізгі түрлерін орындау, емдік гимнастика бойынша сабақ жүргізу, массаж әдістерін игеру, психотерапия элементтерін қолдана біледі.

2024 © tarazbolashak.kz. «Тараз-Болашақ» жоғары медициналық колледжі.