Қолданбалы бакалавр
Мамандығы: 09130100 – Мейіргер ісі
Біліктілігі: 5АВ09130101– Қолданбалы бакалаврдағы мейіргер ісі
Оқыту түрі: күндізгі
Оқытудың нормативтік мерзімі: Жалпы білім беру негізінде 3 жыл 6 ай
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау үлгерім мониторнгі аралық және қорытынды атестаттау арқылы жүзеге асырылады. Жылына әр курс бойынша 1440 сағат орындалады және соңғы 6 айда 864 сағаттары орындалады.
Жалпы білім беру негізінде 5184 сағаттары орындалады. Пәндер бойынша практикалық сабақтар және оқу практикасы 2 –ші курстан бастап қосылады және сағат сандары 60 пайыздан аспайды. Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғарғы көлемі күндізгі оқыту нысанында міндетті оқу жүктемесі – аптасында кемінде 36 сағат, сондай- ақ факультативтік сабақ пен консультацияны қоса алғанда 54 сағаттан аспады. Оқу жұмысының барлық түрлерінің оқу сабақтары үшін академиялық сабақ 45 минуттан аспайды. Бір қос сабақтың ұзақтығы 2 академиялық сағатты немесе 90 минутты құрайды.
Мамандық бойынша білім беретін оқу бағдарламасын меңгеру нәтижесінде білім алушы:
- күтім бойынша барлық манипуляцияларды өздігінше орындау, медициналық мекемелерде нормативті және медициналық құжаттарды рәсімдеу;
- ішкі мүшелердің ауруларының симптомдарын анықтауды игеру, манипуляциялар іс-әрекетін игеру;
- кезек күттірмейтін операциялар үшін науқастарды зертханалық, функционалды, аспапты тексеру әдістеріне даярлау іс-әрекеттерін игеру;
- физиотерапиялық әдістердің негізгі түрлерін орындау, емдік гимнастика бойынша сабақ жүргізу, массаж әдістерін игеру, психотерапия элементтерін қолдана біледі.