Ғылыми зерттеу жұмыстары

      Колледжде озық педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау, тарату қорытындылау жұмысы  ұйымдастырылған.

     2023-2024 оқу жылында «Терапия» пәнінің оқытушысы А.Баймуратова"Терапия» пәнінде деңгейлеп-саралап оқыту, сыни тұрғыдан ойлау,жобалап оқыту технологиялардың ерекшеліктері мен құндылығын зерттеу жұмысында, технологиялардың әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы зерттеу құзыреттілігін қалыптастырды.Өткізген жұмысы бойынша семинар өткізіп, материалдар жинағын жасап әдістемелік кабинетке өткізді.

"Зерттеушілік әрекет арқылы жеке тұлғаны тәрбиелеу"атты педагогикалық шеберлік мектебі. 

     Қазіргі таңда кәсіптік салада жан-жақты білімді, білікті ,іскер, бәсекеге қабілетті маман даярлауда әрбір студент жан-жақты ізденуге, өздігінен тың жаңалықтар ашуға, қай салада болмасын, ғылыми жұмысқа деген бейімділігін қалыптастыру көзделуде. Осы орайда колледжде оқытушылар мен студенттердің «Интеллект» ғылыми қоғам орталығының  жұмысы ұйымдастырылған. 2023-2024 оқу жылында «Интеллект» ғылыми қоғам орталығының  жұмысы  Қосаева:Г.Т. жүктелді. .«Интеллект» ғылыми қоғам орталық жұмысының жоспары жасалынып, ай сайын ғылыми жұмыс отырысы жүргізілуде. Атап айтсақ: Бақытжанқызы Ж.Б.«Тұмау және респираторлы вирусты инфекциялар», Мырзабаева А.Т. «Жаңа Қазақстандағы, Жаңа Ағылшын",Мұхамедгалиева М.С."Қәлі ауыр науқастарға күтім" атты ғылыми жұмыстар жүргізілуде. 

     Оқытушы қызметкерлердің  педагогикалық кәсіби деңгейін арттыру мақсатында "Зерттеушілік әрекет арқылы жеке тұлғаны тәрбиелеу"атты педагогткалық шеберлік мектебі ұйымдастырылды. Педагогикалық шеберлік мектебінде оқытушылар,  білім беру үдерісіне заманауи технологияларды енгізу бойынша қызметінің нәтижелерін  сипаттау және рәсімдеу барысында  2023-2024 оқу жылында 4 оқытушы іс-тәжірибесімен бөлісті. Атап айтсақ: Тәттібаева Г.Д. "Моллекулалық биология және медициналық генетика пәнінің адам өміріндегі маңызы", Аязов Б.М."Спорт денсаулық кепілі", Кулишманова М.К. "Базалық реанимация",Мурзахметова Д.Б. "Жүрек қантамыр аурулары кезіндегі аспаптық зеріттеу әдістері" тақырыптарында  шебер классы жүргізілді. Педагогикалық шеберлік классында өткізілген іс-шаралар материалдары жинақталып,әдістемелік кабинетке өткізілді.

    Педагогикалық құндылықты және жаңалық белгілерін қанағаттандыратын шығармашылық нәтижесін анықтау мақсатында авторлық бағдарлама жасау жұмысы  жоспарланған. Авторлық бағдарлама мазмұнында,оқытушының әдістемелік жүйені құрудағы өзіндік жеке тәжірибесі, оның қызыметінің дербес стильде таратылғаны көрсетіледі. Осы мақсатта колледжде авторлық бағдарлама жасау жұмысы жүргізілуде. 2023 -2024 оқу жылында Хашимова .Р.Х."Влияние в разных факторов на здоровье человека",Темирова З.Е."Иммуна профилактика",Таңатарова М.У."Басқа тілден енген сөздер". атты тақырыптарда  авторлық бағдарлама әзірлеу жоспарланған.

2024 © tarazbolashak.kz. «Тараз-Болашақ» жоғары медициналық колледжі.