«Тараз-Болашақ» жоғары медициналық колледжі ЖШС

Кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарындағы

«Студенттік парламент» қызметі туралы ереже

 

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Студенттер парламентінің қызметі туралы осы ереже (бұдан әрі – Ереже) Студенттік өзін-өзі басқару органының студенттер парламенттінің мақсатын, міндеттерін, құрылымын, қызметін қалыптастыру және ұйымдастыру тәртібін, құқықтары мен міндеттерін айқындайды.

2. Студенттер парламенті балалар мен жастардың маңызды мәселелерін шешуге, олардың әлеуметтік белсенділігін дамытуға бағытталған, әлеуметтік басқарудың бастамашыл, дербес, жауапты қоғамдық нысаны болып табылады.

3. Студенттік өзін-өзі басқару органы студенттер парламенті (бұдан әрі -Парламен) білім беру ұйымының студенттерінің бастамасы бойынша білім алушылардың мүделерінің білдіру үшін тұрақты жұмыс істейтін үйлестіруші орган ретінде құрылады және осы Ереже негізінде әрекет етеді.

4. Әрбір білім алушы осы Ереже сәйкес Парламент активін сайлауға және оған сайлауға құқылы.

5. Парламенттің қызметі мен шешімдері білім беру ұйымының барлық білім алушыларына бағытталған және қолданылады.

6. Парламент өз қызметінде Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» заңдарын, білім беру ұйымының ішкі Жарғысын, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

 

2-тарау. Парламенттің мақсаты мен міндетері

     Парламенттің мақсаты:  Балалар мен жастардың табысты әлеуметтенуі және өзін-өзі тиімді жүзеге асыруы үшін жағдай жасау,сондай-ақ туындайтын мәселелерді білім алушылардың өз бетінше шешуі үшін мүмкіндіктер жасау.

     Парламенттің міндеттері:

1. Білім алушылардың шығармашылық белсенділігін және өз бетінще әрекет етуін іске асыру;

2. Білім алушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға,оның ішінде білім беру,әлеуметтік-тұрмыстық және олардың мүдделерін қорғайтын өзге де мәселелерді шешуге көмек көрсету;

3. Білім беру ұйының басшылығына білім беру және ғылыми міндеттерді шешуге, білім алушылардың бос уақыты мен тұрмысын ұйымдастыруға, салауатты өмір салтын насихаттауға көмек көрсету;

4. Білім беру ұйымдарына білім беру және тәрбие процесі шеңберінде өткізілетін іс-шараларға көмек көрсету;

5. Білім беру ұйымының рухы мен дәстүрлерін патриоттық қатынас жасауға,білім алушылардың санасын және олардың өз білім деңгейіне талап етуін арттыруға, мүлікке ұқыпты қарауға тәрбиелеуге бағытталған жұмыстар жүргізу;

6. Балалар мен жастардың қоғамдық маңызы бар бастамаларын іске асыруға көмек көрсету болып табылады.

 

3-тарау. Парламенттің құрылымы

1. Парламент көшбасшысы сайлауда білім алушылар мен білім беру ұйымының педагогтері сайлайтын президент болып табылады.

2. Президент пен парламент мүшелері бір оқу жылы мерзіміне сайланады.

3. Парламент президенттен, оның орынбасарларынан,парламент фракцияларының басшылары мен мүшелерінен тұрады. Қажет болған жағдайда Парламенттің шешімі бойынша оның құрамына білім алушылар арасынан Парламент мүшелері қосымша сайланды.Парламент мүшелерін сайлау топтардың жиналыстарында жүзеге асырылады.

 

4-тарау. Парламенттің қызметі

     Парламенттің білім беру ұйымдағы қызметін директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, білім беру ұйымының Жастар ісі жөніндегі комитетінің (бұдан әрі –ЖІК) төрағасы бақылайды, олар міндеттер мен функцияларының орындалуына дербес жауапты болады.

 

5-тарау. Студенттер парламентінің президенті:

1. Парламент қызметіне басшылық жасайды және өзіне жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыру үшін дербес жауапты болады;

2. Өз орынбасарлары, фракция көшбасшылары арасында міндеттері бөледі және олардың қызметін үйлестіреді

3. Өз міндеттерін орындау кезінде білім беру ұйымының басшылығы берген құқықтарды пайдаланады.

 

6-тарау. Студентер парламентінің құрылымы 8 фракциядан тұрады:

1. Құқық және тәртіп. «Саналы ұрпақ» фракциясы

2. Ақпарат.«Саяси хабарламашылар» фракциясы

3. Спорт және салауатты өмір салты.«Салауатты ұрпақ» фракциясы

4. Өзін-өзі тану және бақыт «Ата-аналар мектебі», «Әкелер кеңесі» фракциясы

5. Қамқорлық. «Ашық жүрек» фракциясы

6. Мәдениет және өнер. «Жасампаздық» фракциясы

7. Дебат қозғалысы. «Болашақ» пікір сайысы фракциясы

8. Экология мен еңбек. «Ұлы дала» фракциясы

 

     Парламенттің жоғарғы органы-фракциялар көшбасшыларының жалпы жиналысы

1. Парламенттің қызметін жоспарлау білім беру ұйымының тәрбие жұмысының жоспары негізінде жүзеге асырылады.

 

7-тарау. Парламенттің құқықтары

1) Білім беру ұйымының оқу-тәрбие, ішкі тәртіп қағидаларын сондай-ақ студенттік жатақханалардағы жалпы тәртіптің бұзылуына байланысты мәселелерді қарауға қатысу;

2) Студенттердің оқудағы және оқудан тыс кедегі әртүрлі салалардағы жетістіктері үшін білім алушыларды көтермелеу жүйесін әзірлеуге және іске асыруға қатысу;

3) Студенттердің өтініштері мен шағымдарын қарауға және талқылауға қатысу;

4) Белгіленген тәртіппен білім беру ұйымының ЖІК төрағасынан студенттік парламенттің қызметіне қажетті ақпаратты сұрату және алу;

5) Білім беру ұйымдарының оқудан тыс іс-шараларын жоспарлауға, дайындауға, жүргізуге және талдауға тікелей қатысу;

6) Білім беру ұйымдарында құралатын клубтардың жұмысына қатысу.

 

8-тарау. Парламенттің міндеттері

1. Білім беру ұйымдарының мүлкіне ұқыпты қарауға тәрбиелеуге, оқу корпустарында және студенттік жатақханаларда оқу тәртібі мен құқықтық тәртіпті нығайтуға, білім алушылардың азаматтық сана сезімін арттыруға борыш пен жауапкершілік сезіміне тәрбиелеуге бағытталған жұмыс жүргізу;

2. Білім беру ұйымдарының жарғысын және ішкі тәртіп қағидаларын орындау бойынша білім алушыларымен жұмыс жүргізу;

3. Оқудан тыс қызметті ұйымдастыру жұмысы бойынша білім беру ұйымының басшылығына көмектесу;

4. Студенттер парламентінің оқу жылына арналған ережесі мен қызмет жоспарына сәйкес жұмыс жүргізу.

2024 © tarazbolashak.kz. «Тараз-Болашақ» жоғары медициналық колледжі.