Психологиялық қызмет

Психологиялық қызметтің мақсаты мен міндеттері

 

Мақсаты: Психологиялық қызмет білім алушылардың оқу әрекетінің білім беру уәждемесін, үлгерімін, шығармашылық өзін-өзі іске асыруын қалыптастыру, психологиялық жәй-күйін тұрақтандыру, бейімді өзін-өзі айқындау және басқа да қолайлы жағдайлары бойынша орта кәсіптік білім беру ұйымының алқалы органы болып табылады.

      Психологиялық қызметтің жұмысы білім беру қызметіндегі қиындықтарды анықтауға және диагностикалауға,  кеңес беруге, білім беру ортасы жағдайына психологиялық – педагогикалық сүйемелдеу мен қолдау көрсетуге білім алушылардың, педагогтардың , ата-аналардың немесе өзге де заңды өкілдерінің психологиялық сауаттылығын сақтау және нығайтуға бағытталған.   

          

 Міндеттері:

1) Білім алушылардың  даму жағдайын, негізгі проблемаларын психологиялық-педагогикалық талдау, мониторингтеу және шешу жолдарын табу;

2) Психологиялық денсаулық проблемаларын еңсеруге және деструктивті мінез-құлықтың алдын алуға, бейімделуіне бағытталған түзету-дамыту жұмыстарын іске асыру;

3) Білім алушыларға бойында өзін-өзі дамытуға және өзін-өзі жетілдіруге бағытталған қабілеттерін дамытуға жәрдемдесу;

4) Психологиялық проблемаларды шешуде және ата-аналар мен педагогтерге консультациялық көмек көрсету;

5) Білім алушылардың психологиялық-педагогикалық сауаттылығын арттыру.

 

Күтілетін нәтиже:   

  1. Білім алушылар арасында өзара түсіністік пен әрекеттесуі нығаяды;
  2. Білім алушылардың бойында өзін-өзі дамытуға және өзін-өзі жетілдіруге бағытталған қабілеттері дамиды;
  3. Білім алушылардың, педагогтар мен ата-аналардың психологиялық сауаттылығы артады;
  4. Білім алушылар арасында өзара жағымды қарым-қатынас орнауына жағдай жасалады;

 

Психологиялық қызметтің негізгі бағыттары

І. Диагностикалық:

Мақсаты: Білім алушылардың  жеке  қасиеттері мен тұлғалық ерекшеліктерін анықтау. Білім алушылардың ерекшеліктерін психологиялық-педагогикалық зерттеу.

IІ. Түзету-дамыту жұмысы:

Мақсаты: Білім алушылардың арасында анықталған қиындықтар мен мінез-құлық проблемаларын жеңуге бағытталған кешенді жұмыс жүргізу. Түзету –дамыту бағыты бойынша психологиялық жүмысты жандандыру

ІІІ. Психологиялық  және педагогикалық ағарту:

Мақсаты: Білім алушылардың жеке және кәсіби өсуіне өзін-өзі анықтауына және  психологиялық сауаттылығын арттыруға жәрдемдесу

ІV. Консультация беру:

Мақсаты: Білім алушыларға жеке көмек: олардың табиғатын және оқу, даму, әлеуметтену, қарым-қатынас және шығармашылық әрекетін іске асырудағы қиындықтарының себептерін түсінуге көмек көрсету

V. Ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс:

Мақсаты: Білім алушылардың психологиялық жұмыстар жүргізуге арналған материалдар жинақтау, ағымдағы құжаттарды рәсімдеу, есеп қорытындылар жазу және түрлі әдістемелік шараларға дайындық 

2024 © tarazbolashak.kz. «Тараз-Болашақ» жоғары медициналық колледжі.