«Тараз-Болашақ» жоғары медициналық колледжі
«Тараз-Болашақ» жоғары медициналық колледжі өз жұмысын 2004 жылы бастады. Қазіргі таңда «Тараз-Болашақ» жоғары медициналық колледжі заман талабына сай орта медициналық мамандық даярлайтын,біліктілігін арттыру және қайта даярлау курсын өткізетін арнаулы оқу орны. Оқу орнының ұжымы мен студенттер құрамы көпұлтты ынтымақтастығы мен достығы жарасқан, ауызбіршілігі бар ұжым ретінде қызмет атқарады.
Колледждің 4 қабатты ғимараты бар, онда оқу корпусы мен медициналық орталық, сондай-ақ оқу үрдісін ұйымдастыруға арналған қосымша оқу корпусы, 145 орындық акт залы, спортзал, асхана орналасқан.
Медициналық орталық дәрігерлер жұмыс істейтін 2 корпустан тұрады. Орталық УДЗ,ЭКГ, флюроаппарат, физиоаппараттар, т.б. заманауи құрылғылармен жабдықталған.
Клиникаға дейінгі тәжірибелік сабақтарды өткізу үшін колледжде «Симмуляциялық технологиялар орталығы» ұйымдастырылған. Симмуляциялық орталық заманауи тренажерлармен жабдықталған.
Олардың қатарында ауруларды күтіп-баптау және шұғыл медициналық көмек көрсету манекендері,гинекологиялық және акушерлік фантомдар,жүрек- өкпе жансақтау фантомдары, ЭКГ аппараты, монокулярлық бинокулярлық, тринокулярлық микроскоптар видеокамерасы, проекторы және экран, магниттік және электрондық таразылар, проекторлар, муфель пеші, шу өлшегіш және тағы басқа заманауи медициналық ресурстар бар.
Колледжді білікті мамандармен қамтамасыз ету мақсатында, ғылым докторлары, PhD докторы, профессор, академик, медицина ғылымдарының кандидаты, Қ.Р. Білім үздігі, жоғары санатты, 1-санатты оқытушылар қызмет атқарады.
Оқытушылар студенттердің ғылыми әлеуетін үнемі дамытуда, осыған байланысты колледжде «Интеллект» ғылыми орталығы ұйымдастырылған.
Колледж студенттері әртүрлі деңгейдегі ғылыми- зерттеу және қоғамдық іс-шараларға, аймақтық,облыстық және республикалық, халықаралық конференцияларға, байқауларға белсенді қатысады. Олардың қол жеткізген табыстары жеткілікті.
Колледжді бітірген жас түлектер жоғары оқу орындарында өз мамандықтары бойынша білім алуда, сонымен қатар облыстық,қалалық мекемелерде қызмет атқаруда.
Қазіргі таңда «Тараз-Болашақ» жоғары медициналық колледжі облысымыздағы,тіпті Қазақстанның оңтүстік аймақтарындағы бірден-бір ірі, орта буынды медицина қызметкерлерін дайындайтын оқу орнына айналып отыр.
Колледж ғимараттары
|
Колледждегі білікті мамандар
|
Асқаров Пернебай Абдутұлы Физика-математика ғылымының кандидаты, жаратылыстану ғылымдары Академиясының корреспондент мүшесі, профессор. |
Досқұлов Оразқұл Нұралыұлы "Қазақстан республикасы Денсаулық сақтау ісінің үздігі", "Денсаулық сақтау саласына сіңірген еңбегі үшін" төсбелгілерімен марапатталған. |
Колледж оқытушыларының баспа материалдары
Колледж оқытушылары мен студенттерінің марапаттары
Колледж оқытушыларының аймақтық, облыстық, халықаралық конференциялар,
семинарлар, олимпиадалар, іс-шаралар отырыстары
Облыстық конференция
Қалалық семинар
ОӘБ он күндік көрмесі
«Медициналық биология және генетика», «Микробиология және вирусология» пәндері бойынша ұйымдастырылған ІІ курс студенттер олимпиадасы