Колледж кәсіподағы

«Тараз-Болашақ» медициналық колледжі қызметкерлерінің кәсіптік одағының кәсіптік одағы

 «Тараз-Болашақ» медициналық колледжі қызметкерлерінің кәсіптік одағының кәсіптік одағы Қазақстан Республикасы Конституциясының, Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің нормаларына, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Кәсіптік одақтар туралы» заңдарына,   заңда көзделген жеңілдіктер көлемінен де жоғары жеңілдіктердің берілуін  қамту мақсатында Әлеуметтік әріптестік туралы Бас Салалық   келісімге,  облыстық, аудандық (қалалық) Салалық келісімге  сәйкес жұмыс атқарады. 

            «Тараз-Болашақ» медициналық колледжі қызметкерлерінің кәсіптік одағының кәсіптік одағы ұжымдық шарт негізінде жұмыс беруші және кәсіподақ комитеті осы келісім шарттың бұлжытпай орындалуына,  бір-бірінің мүдделерін құрметтеуге, туындаған мәселелерді шешуде бірігіп шара қолданады, міндетіне алады және кәсіподақ ұйымы ҚР Еңбек заңына  сәйкес еңбек дауларын шешу үшін міндетті түрде  келісім комиссиясын құруға мүждделі.

 

Үйымның мақсаты мен міндеттері:

 Тараптар жұмыс берушінің  төмендегі шешімдерінің кәсіподақ комитетімен келісе отырып қабылданады:

- ішкі еңбек тәртібі жөніндегі Ереже;

-  сабақ кестесі

-  жұмыс кестесі;

-  еңбек демалысының кестесі;

-  педагог қызметкерлердің оқу жүктемесі;

- педагог қызметкердің біліктілік санатын төмендету жөніндегі кезектен  тыс аттестация  өткізу жөніндегі шешім қабылдау кезінде;

- еңбек қауіпсіздігі жөніндегі нұсқаулық;

Жұмыс берушінің төмендегі бұйрықтары мекеменің бастауыш кәсіподақ  комитетінің  дәлелді пікірін ескере отырып шығарылады:

Еңбек жағдайының өзгеруі жөніндегі бұйрықтар;

Жұмыс берушінің бастамасымен еңбек шартын бұзу жөніндегі бұйрықтар;

Мереке және демалыс күндерін жұмыс күні деп жариялау жөніндегі бұйрықтар;

Штаттық кестенің қысқаруы және өзгеруі жөніндегі бұйрықтар;

Марапаттау және тәртіптік жаза қолдану жөніндегі бұйрықтар;

Сыйақы, қосымша ақы және материалдық көмек беру жөніндегі бұйрықтар;

Толық емес жұмыс уақытын белгілеу жөніндегі бұйрықтар;

Күнделікті жұмысты бөліктерге бөлу жөніндегі бұйрықтар;

Жұмыс уақытының жиынтық есебін жүргізу туралы бұйрықтар.

  2.1. Тараптар жұмыс берушінің төмендегі шешімдерінің  кәсіподақ комитетінің келісімінен кейін ғана қабылданатыны жөнінде келісімге келді:

1)  мекеменің қызметі тоқтатылған және бір мезгілде жаппай жұмыстан босатылған жұмыс күші туралы актілер

2)  кәсіби дайындығының түрін ,жұмыскерлердің  біліктілігін арттыру мен қайта дайындау, қажетті мамандардың тізімін және әр бір жылы білім алушылардың санын анықтау.

  2.2. Кәсіподақ ұйымының келісімі кәсіподақ комитеті төрағасының қойылған қолы арқылы анықталады. Кәсіподак комитетінің  келісімі мен дәлелді пікірі тараптар келіскен осы ұжымдық шарт тәртібіне сәйкес сұралады және талқылауға ұсынылады.

2024 © tarazbolashak.kz. «Тараз-Болашақ» жоғары медициналық колледжі.