Бөлім меңгерушілері
![]() |
Байжанова Зарина Сейтжановна «Тараз-Болашақ» жоғары медициналық колледжінің «Медициналық мамандықтар» бөлімінің меңгерушісі
Колледжде 2010-жылдан бері қызмет атқарады. Еңбек өтілі 16 жыл. Екінші санатты маман. 2020-2026 жылдар аралығында бөлім меңгерушісі қызметін атқарады. Міндеттері: Педагогикалық қызметі барысында оқу процесін ұйымдастыру, білім алушылардың үлгерімі мен сабаққа қатысуын бақылау, оқытушылармен және ата-аналармен өзара жұмыс жүргізу бағыттарында тәжірибе жинақтадым. Лауазымдық міндеттері бөлімнің оқу және тәрбие жұмысын үйлестіру, оқу құжаттарының жүргізілуін қадағалау, оқытушылардың жұмысын ұйымдастыру және білім алушыларға қолайлы оқу ортасын қалыптастыру кіреді.
Біліктілік арттыру: «Білім берудегі жасанды интеллект: инновациялық технологиялар мен оқу үдерісінің цифрлық трансформациясы» тақырыбында біліктілік арттырылды. |
![]() |
«Арнайы пәндер» ЦӘК жетекшісі Т.Б.Аймаханова
«Арнайы пәндер» ЦӘК-те жалпы 20 оқытушы бар. Барлығы жоғары білімді.
Сырттан келген педагог саны - 2. ЦӘК бойынша 1-медицина ғылымдарының профессоры, 2-медицина ғылымдарының кондидаты, 2-бірінші санат, 15-жас маман бар.
Арнайы пәндер» оқытушыларының оқыту технологиялары: Ақпараттық-коммуникациялық технология, сыни ойлау технологиясы, проблемалық оқыту технологиясын оқыту және өзіндік жұмысты ұйымдастыру студентті кешенді әдістемелік құралдарымен, медициналық муляждармен және манекендермен, робот симуляторлармен жұмыс жасап көрсетіп, тәжірибелік дағдыны оқытуда білім берудің озық тәсілдерін қолдануды, курстан курсқа өткен сайын күрделі дағдыларды игеруді,
ЦӘК-тің жас мамандары колледждің ұйымдастырылған «Жас оқытушылар мектебінің» ай сайынғы отырысына белсене қатысып отырды. «Жас оқытушылар мектебінің» жетекшісі З.С.Қожарова осы жас оқытушылармен жүйелі жұмыс жүргізеді.
Сонымен қатар әр пән оқытушы құрастырған модульдік бағдарламалары мен силлабус оқу жұмыс бағдарламалары бойынша қорытынды сабақ ретінде тест тапсырмаларын дайындап, ЦӘК жетекшісіне және колледж әдіскеріне тексертіп, студенттерді «Платонус» оқу платформасы арқылы бағалап отырды.
Колледжде болашақ мамандарды даярлау сапасын арттыру мақсатында заманауи технологиямен жабдықталған Симуляциялық орталық құрылған. Симуляциялық орталық емхана түрінде ұйымдастырылып, жабдықталған. Медициналық орталықта бейнебақылау орнатылған 10 кабинет бар.
Симуляциялық орталықтың жұмыс бағыты 1.Арнайы пәндер оқытушылары 2-3-4 курс студенттерінің коммуникативті және кәсіптік дағдыларды дамыту сұрақтары бойынша клиникалық оқу пәндерінен факультативті сабақ ретінде симуляциялық оқыту; 2.Жоғары медициналық колледж студенттерінің біліктілік атестатын тапсыру мақсатында біліктілік емтихандарын өткізуге дайындау.
Симуляциялық орталығында оқытулатын тәжірибелік дағдылар: - Акушерлік және неонатологиядағы шұғыл жағдайларда көрсетілетін көмек; - Ересектер мен балаларда жүрек тоқтау кезінде жедел жәрдем көрсету; - Жарақат кезінде жедел жәрдем көрсету; - Жараны алғашқы өңдеуді және таңуды өткізу; - Шок кезінде жедел жәрдем көрсету; - Парентеральді инъекция әдістерін әзірлеу; - Сыртқы қан кетуді тоқтату әдістері; - Медицина манипуляциясын және аурудың алдын алуды түсіндіруде коммуникативті дағдылар; |
![]() |
««Гуманитарлық», «Мейіргер ісі» және «Қолданбалы бакалавр» пәндерінің» оқу-әдістемелік бірлестігі. ОӘБ жетекшісі А.А.Андабаева
««Гуманитарлық», «Мейіргер ісі» және «Қолданбалы бакалавр» пәндерінің» ОӘБ-тігінде 34 оқытушы жұмыс істейді. . Оқу- әдістемелік бірлестігі мамандықтар бойынша оқу пәндерін меңгеруді оқу-бағдарламалық және оқуәдістемелік қамтамасыз ету, сыни ойлау технологиясы, проблемалық оқыту технологиясын оқыту, ақпараттық-коммуникациялық технология және өзіндік жұмысты ұйымдастыру студентті кешенді әдістемелік құралдарымен, медициналық муляждармен және манекендермен, робот симуляторлармен жұмыс жасап көрсетіп, тәжірибелік дағдыны оқытуда білім берудің озық тәсілдерін қолдануды, курстан курсқа өткен сайын күрделі дағдыларды игеруді, оқу үдерісіндегі ақпараттық-әдістемелік және материалды-техникалық базаны үздіксіз жетілдіріп үйретуді көрсетеді. Оқу-әдістемелік бірлестіктің негізгі мақсаты педагогикалық қызметкерлердің кәсіби деңгейін арттыру, мамандарды даярлау сапасын жақсартуға бағытталған инновациялық педагогикалық және ақпараттық технологияларды іске асыру болып табылады.
Оқу-әдістемелік бірлестіктегі барлық оқытушылар жоғары білімді. 4 оқытушы - магистр, 4 оқытушы медициналық - жоғары санатты, 1оқытушы - зерттеуші санатты, 2 оқытушы - сарапші санатты, 9 оқытушы – модератор санатты, 3 оқытушы - жас мамандар. Оқу жылының басында оқытушылардың жылдық жүктемелері бөлініп, бекітілді. Барлық оқытушылардың модульдік жұмыс бағдарламалары, күнтізбелік - тақырыптық жоспар жасалып бекітіледі.
ОӘБ-нің жас мамандары колледждің ұйымдастырылған «Жас оқытушылар мектебінің» ай сайынғы отырысына белсене қатысып отырды. «Жас оқытушылар мектебінің» жетекшісі Г.Н. Бекишова-әдіскер осы жас оқытушылармен жүйелі жұмыс жүргізеді.
Колледжде болашақ мамандарды даярлау сапасын арттыру мақсатында заманауи технологиямен жабдықталған: Мейіргер ісі негіздері (тәжірбие кабинеті)-8 какбинет, оңалту (тәжірбие кабинеті)-1 какбинет, симуляциялық орталық құрылған. Мейіргер ісі негіздері (тәжірбие кабинеті), симуляциялық орталық емхана түрінде ұйымдастырылып, жабдықталған. Медициналық орталықта бейнебақылау орнатылған 10 кабинет бар. Симуляциялық орталықтың жұмыс бағыты
Симуляциялық орталығында оқытылатын тәжірибелік дағдылар: - Акушерлік және неонатологиядағы шұғыл жағдайларда көрсетілетін көмек; - Ересектер мен балаларда жүрек тоқтау кезінде жедел жәрдем көрсету; - Жарақат кезінде жедел жәрдем көрсету; - Жараны алғашқы өңдеуді және таңуды өткізу; - Шок кезінде жедел жәрдем көрсету; - Парентеральді инъекция әдістерін әзірлеу; - Сыртқы қан кетуді тоқтату әдістері; - Медицина манипуляциясын және аурудың алдын алуды түсіндіруде коммуникативті дағдылар; Сонымен қатар әр пән оқытушы құрастырған модульдік бағдарламалары оқу жұмыс бағдарламалары бойынша қорытынды сабақ ретінде тест тапсырмаларын дайындап, ОӘБ жетекшісіне және колледж әдіскеріне тексертіп, студенттерді «Платонус» оқу платформасы арқылы бағалап отырды. |


