Құрметті әріптестер, оқытушылар!

               Сіздерді 3 қараша мен 13 қараша аралығында өтетін он күндік әдістемелік апталығымыздың ашылуымен шын жүректен құттықтаймыз!
Бүгінгі таңда білім беру жүйесі түбегейлі өзгерістер мен жаңару кезеңін бастан өткеруде. Осы орайда, біздің әдістемелік апталығымыздың тақырыбы заманауи білім трендтерін толық қамтиды. Апталық «Дуальдық, проблемалық, ақпараттық, сыни тұрғыдан ойлау, интерактивті оқу және жасанды интеллект бойынша оқыту технологиялары» деп аталады.
Циклдік әдістемелік кеңестің төрайымы ретінде бұл апталықтың негізгі мақсаты — оқытушыларымыздың кәсіби құзыреттілігін арттыру, өзара тәжірибе алмасу және сабақ үдерісіне ең озық цифрлық және педагогикалық құралдарды енгізу .

 

2024 © tarazbolashak.kz. «Тараз-Болашақ» жоғары медициналық колледжі.