“Отты соғыс жылдары” тақырыбында МБС-11-24Г тобы арасында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тарихи оқиғаларды еске алу, батырлардың ерлігін насихаттау және студенттердің тарихи санасын қалыптастыру.
Дөңгелек үстел барысында білім алушылар соғыс жылдарындағы қиындықтар, майдангерлердің ерлігі мен тыл еңбеккерлерінің жанқиярлық еңбегі туралы пікір алмасты. Сонымен қатар, тарихи деректерге сүйене отырып, өз ойларын ортаға салды.
Іс-шараны МБС-11-24Г тобының жетекшісі Бекишова Гульназ Нурлановна ұйымдастырып, студенттердің белсенді қатысуына ықпал етті. Осындай тағылымы мол іс-шаралар жас ұрпақтың ел тарихына деген құрметін арттырып, патриоттық рухын нығайтады.