13.05.2025ж. "Тараз-Болашақ" жоғары медициналық колледжінің 1курс студенттерінің қатысуымен Жамбыл облыстық "Анаға тағзым" отбасын қолдау орталығында жасөспірім қыздардың репродуктивті денсаулық мәдениетін қалыптастыру, ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында "Өмір құндылықтары" тақырыбында маманмен кездесу ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға акушер -гинеколог, "Бүгінгі бойжеткен ертеңгі асыл жар, аяулы ана" кітабының авторы Тоқбергенова Ақерке Азметқызы және психологтары қатысты.