2026 жылдың 4 қарашасында сағат 11:00-де арнайы пәндер оқытушылары Умарова Апиза Апаитовна мен Әкман Нұрай Кайратовичтің ұйымдастыруымен «Нашақорлық және алкоголизм адам денсаулығына және қоғамға әсері» тақырыбында мазмұнды дөңгелек үстел өтті.
Шараның басты мақсаты — жастар арасында зиянды әдеттердің алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау және студенттердің құқықтық, медициналық сауаттылығын арттыру.
Дөңгелек үстелге арнайы шақырылған білікті мамандар қатысып, өз білімдерімен бөлісті:
• Сағындық А.А. — Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының психологы
• Сагилаева Ж.Т. — Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының психологы
• Қалдыбаева Г.Б. — «Жәгер» жастар орталығының басшысы
Шақырылған қонақтар өз сөздерінде тәуелділіктің психологиялық және әлеуметтік қырларын тереңнен қозғады. Мамандар нашақорлық пен алкоголизмнің адам ағзасына тигізетін орны толмас зиянын ғылыми тұрғыдан түсіндіріп, оның қоғамдағы қылмыстың өсуіне, отбасылардың бұзылуына қалай әсер ететінін нақты мысалдармен жеткізді. «Жігер» жастар орталығының басшысы жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастырудың, спорт пен шығармашылыққа бет бұрудың маңыздылығын атап өтті.
Жиын барысында қатысушылар мамандарға көкейкесті сұрақтарын қойып, тұжырымды жауаптар алды. Кездесу соңында ұйымдастырушылар мен қонақтар болашақ ұрпақтың дені сау, санасы сергек болуы — әрбір азаматтың қоғам алдындағы міндеті екенін айтып, қатысушыларды жат қылықтардан аулақ болуға шақырды.


