Мемлекеттік рәміздер

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері болып табылады: Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Гимн.
 
     Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Мемлекеттік Елтаңбасының эталондары Қазақстан Республикасы Президентінің Резиденциясында сақталады.
     Өзінің Отаны-Қазақстан Республикасына деген азаматтық және патриотизмдік сүйіспеншілік білім беру мақсаты үшін,Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне деген  құрметін қалыптастыру,сондай-ақ олардың сипаты мен маңызын түсіну және зерттеу,орта жалпы,бастауыш кәсіптік,орта кәсіптік білім және жоғары кәсіптік білім беру ұйымдарының, негізгі білім беру бағдарламаларына енгізіледі.
     Жалпы орта,бастауыш кәсіптік, орта кәсіптік және жоғары кәсіптік  білім беру ұйымдарында,білім беру бағдарламаларын іске асыруда үнемі арнайы бөлінген жерде  Мемлекеттік Ту,Мемлекеттік елтаңба,сондай-ақ Қазақстан Республикасы Гимнінің мемлекеттік тілде мәтіні орнатылады.
 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК ТУЫ
     Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы-көгілдір түсті тік бұрышты мата,ортасында сәулелі күн,оның астында қалқып  ұшқан қыран бейнеленген
     Сол жақ жетінде- тік жолақ түрінде ұлттық өрнек. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі - алтын түсті.Тудың ені мен ұзындығы 1:2.
     Гералдика заңына сәйкес, күн байлық пен молшылықтың символы болып табылады.Сондықтан,мұқият қарасаңыз біздің туда күн сәулелері  бидай түрінде кездейсоқ емес- молшылық пен берекенің негізі. Көшпенділердің дүниетанымында  дала бүркіті немесе қыран құс ерекше орын алады.
     Оның Қазақстанда тұратын халықтар мен этникалық топтардың елтаңбасы мен тудағы бейнесінің көне дәстүрі бар.Рәміздер тілінде бүркіт мемлекеттің билігін,кеңпейілдігін  немесе қырағылықты білдіреді. Дала тұрғыны үшін еркіндікке,тәуелсіздікке,биікке самғау, болашаққа ұшу,мақсатқа жету нышаны болып табылады. Сонымен қатар, қыран әркімге болашаққа қол жеткізуге кедергі жасайтындарға, лайықты тойтарыс бере алатын қуатты күші бар құс.Бүркіттің бейнесі жас егеменді Қазақстанның әлемдік өркениетті биіктікке және ұмтылу идеясынан туындаған. Біздің туға жаңашылдық  және қайталанбас ерекшелік  беретін тағы бір элементі, тік жолақ түрінде ұлттық  ою-өрнек болып табылады.Бұл жерде қазақтың «қошқар-мүиіз» оюы бейнеленген.
 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТIК ЕЛТАҢБАСЫ
     Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасында көгілдір түс аясында шеңбер пішінді және (киіз үйдің жоғарғы күмбезі) шаңырақтан күн сәулесіндей айнала уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң және сол жағында қанатты пырақтар бейнеленген. Жоғарғы жағында көлемді бес бұрышты жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Бейнеленген жұлдыз, шаңырақ, уық, қанатты пырақтар, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу-алтын түсті.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасының авторлары:
Жандарбек Мәлібеков  және Шота Уәлиханов.
 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТIК ӘНҰРАНЫ
Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!

Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің - Қазақстаным!

Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай.
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!

Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің - Қазақстаным!
Сөздер авторлары:Нұрсұлтан Назарбаев, Жұмекен Нажимеденов
Шәмші Қалдаяқов:Музыка

2024 © tarazbolashak.kz. «Тараз-Болашақ» жоғары медициналық колледжі.