Директордың үндеуі

«Тараз-Болашақ» жоғары  медициналық колледжі" ЖШС-гі


Директордың үндеуі

Республикамыздың білім беру жүйесінің ең басты мәселесі – кәсіптік-техникалық білім беру арқылы қоғам талабына сай алынған терең білімді, білікті дағдыларды еркін меңгерген, қойылған мақсатқа сапалық қызмет жасау арқылы жете алатын, өз бетінше дұрыс, тиімді шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру екендігі көрсетілген.

 «Болашақ» колледжі Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне  2004 жылғы 23.04.2004 №353 бұйрығының негізінде тіркеліп, 2004 жылы кәсіптік-гуманитарлық білім беру ұйымы болып жұмысын бастады.  Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің  27.04.2004 АА сериялы №0010004 мемлекеттік лицензиясы берілді.

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының 26.11.2010. №832 бұйрығымен «Болашақ» кәсіптік-гуманитарлық колледжі «Болашақ» колледжі мекемесі болып өзгертілді және мамандықтар атаулары мен шифрларының өзгеруіне  байланысты мемлекеттік лицензиясы және қосымшасы қайта рәсімделді.

2015 жылдың шілде айында «Болашақ» колледжі заңды тұлғаның мемлекеттік қайта тіркеуінен өтіп, колледжге Тараз «Болашақ» колледжі жауапкершілігі шектеулі серіктестігі атауы берілді.

2017 жылдың наурыз айында Тараз «Болашақ» колледжі ЖШС атауы «Тараз-Болашақ» медициналық колледжі ЖШС болып өзгертілді.

2019 жылғы 29 сәуір айында "Тараз-Болашақ" медициналық колледжі ЖШС атауы "Тараз-Болашақ" жоғары медициналық колледжі ЖШС болып өзгертілді.

2019 жылғы 13 мамырда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Жамбыл облысының Білім саласындағы бақылау департаментімен № KZ19LAA00016058 лицензиясы берілген.

Еңбек нарығында сұранысы бар білікті мамандарды даярлау мақсатында колледжде лицензияда көрсеткен барлық мамандықтар бойынша студенттерді оқуға қабылдап, маман даярлауда. 09120100-«Емдеу ісі», 09130100- «Мейіргер ісі», 09130200-"Акушерлік іс", 09880100-"Гигиена және эпидемиология", 09140100-"Лабораториялық диагностика" (медициналық зертханашы) мамандықтары бойынша күндізгі бөлімде талапкерлер білім алуда.

2019 ж. бастап 09130100- Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры мамандығы бойынша оқу студенттер қабылданды.

Қазір бұл оқу орны облысымыздағы, тіпті  Қазақстанның оңтүстік аймақтарындағы бірден бір ірі, орта буынды медицина қызметкерлерін даярлайтын оқу орнына айналып отыр. Колледжде бүгінгі таңда 1892 жас жеткіншек білім алып жатыр. Колледжді бітірген жас түлектер жоғары оқу орындарында өз мамандықтары бойынша білім алуда, сонымен қатар  облыстық, қалалық мекемелерде қызмет атқарады.

 «Тараз-Болашақ» медициналық колледжі ЖШС-де 110 жоғары білімді мамандар қызмет атқарса, олардың 2-ғылым докторы, 2-ғылым кандидаттары, 17-магистр, 1-философия докторы (PhD), 3- Денсаулық сақтау ісінің үздігі, 16- жоғары санат, 3- бірінші санат, 11 – екінші санат  мамандары.

Колледждің стратегиялық мақсаттарының бірі болып халықаралық кеңістікке шығу, шетелдерде кәсіби мамандарды дайындау бойынша озық тәжірибені зерттеп алмасу табылады.

2010 жылғы 26 қарашада Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Жамбыл облысының Білім саласындағы бақылау департаментімен № KZ19LAA00016058 лицензиязы берілді.

Осы орайда директордың орынбасарлары Асқаров Қанат Пернебайұлы және Жексембинова Айнұр Кәрімбекқызы Германияның Штуттгард қаласында өткізілген семинарға қатысып,  INTERNATIONALES SEMINAR «DAS BILDUNGSSYSTEM IN DEUTSCHLAND. DIDACTA 2014» STUTTGART/ DEUTSCHLAND  сертификат алды.

Қазақстан Республикасының медициналық және фармацевтикалық білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасында – ғылыми-инновациялық үдерістің барлық деңгейінде менеджментті жетілдіру қамтамасыз етілетін болады, ғылыми және инновациялық инфрақұрылымды дамыту, ғылыми кадрларды даярлаудың сапасын арттыру, медициналық және фармацевтикалық ғылымды, білімді және практиканы интеграциялау үшін жағдайды қалыптастыру бойынша шаралар қабылданатын болады делінген. Осы мақсатта симуляциялық оқыту орталығы колледждің құрылымдық бөлімшесі және денсаулық сақтау саласындағы үздіксіз кәсіби білім беру аясында оқытуды заманауи ұйымдастыру түрлері мен әдістерін іске асыратын оқу орталығы қамтылған.

 «Тараз – Болашақ» медициналық колледжі ЖШС 2015 жылғы 17 шілдедегі білім беру қызметін жүргізу құқығындағы Жарғысына және Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының 2010 жылғы 26 қарашадағы № 0048235 мемлекеттік лицензиясына орай,  колледж құрамында  жоғары және орта арнаулы оқу орындарын бітірген медициналық мамандықтарының үздіксіз біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығы қызмет атқарады. Сонымен қатар, орталықта симуляциялық дағдылар бойынша практикалық  дәріс  алуға  болады. Симуляциялық орталық жаңа заманауи құрал – жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Дәріс беретін оқытушылардың құрамында медицина ғылымдарының докторлары және кандидаттары, жоғары және бірінші санаттағы жалпы практика дәрігерлері бар. Атап айтқанда Сейтхан Жошибаев, Сағындық Ордабеков, Ораз Доскулов, т.б. дәрігерлер қызмет атқарады.

Жамбыл облысы әкімшілігі  денсаулық сақтау басқармасының 2016 жылғы 15 сәуірде  берген  № 16006418  мемлекеттік лицензиясына  байланысты  «Тараз-Болашақ» колледжі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрамында колледждің клиникалық базасы – медициналық орталық ашылды.

Медициналық орталық жаңа замануи құрал – жабықтармен толық қамтамасыз етілген (Флюро, УЗИ, ЭКГ- аппараттары, биохимиялық және гематологиялық анализатор, физиоаппаратуралары т.б.).

Медициналық орталықтың құрамында:

  • Тіркеу
  • Амбулаторлық – консультациялық кабинеттер (ЖПД, терапевт, педиатр, кардиолог, гастроэнтеролог, невропатолог, дерматолог, эндокринолог, аллерголог, гинеколог, хирург, уролог, профпатолог, оториноларинголог, офтальмолог).
  • Диагностикалық кабинеттер.
  • Зертханалық кабинеттер.
  • Физиотерапия,
  • Емдік денешынықтыру және массаж
  • Күндізгі стационар бар.

Қоғамымыздың рухани және материалдық өмірінің барлық саласында бұқаралық ақпарат құралдарымен қатар кітапхананың тигізетін әсері мол. Колледжде оқу залы 120 оқырманға арналған кітапхана жұмыс атқарады.

 «Тараз-Болашақ» жоғары  медициналық колледжі" ЖШС-гі мәдени-көпшілік, сауықтыру және спорт жұмысын рейтинг жүйесімен бағалау бойынша қала оқу орындарының ішінде жүлделі орныға ие болуда. Колледжімізде 2 қабаттық ғимаратта спорт кешені орналасқан. Спорт алаңы, спорт залы, гимнастика залы, тренажер залы. Спорт залында спорттық секциялар жұмысы жүргізіледі.

Алыс аймақтардан келген студенттер колледж тарапынан жатақханамен қамтылған.  «Тараз-Болашақ» жоғары медициналық колледжі" ЖШС-гі білім берудегі қойылатын талап адамды ең жоғары құндылық ретінде қарастырып, сапалы маман дайындауды негізге ала отырып, сапалы білім беру қызметін жетілдіруді назарға алуда. 2016 жылдан бастап «Тараз-Болашақ» медициналық колледжінің құжаттары сапа менеджменті жүйесінің талаптарына сай рәсімделді. «Тараз-Болашақ» медициналық колледжі" ЖШС-не 2016 жылдың 27 сәуірінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің Мемлекеттік тізілімде тіркелген ҚР СТ ИСО 9001:2009 ( ISO 9001:2009) «Сапа менеджменті жүйелері. Талаптар» орта арнаулы кәсіби оқыту саласында, білім беру қызметін қамтамасыз етуге қатысты сертификаты берілді.

Колледждің білім беру үрдісіндегі жүйелі өзгерістер енгізу арқылы, білім беруді даралауға және еңбек нарқы қажеттіліктерін ескере отырып студенттерді әлеуметтендіруге көшу арқылы, жоғары  деңгейде білім беру қызметінің жиынтығын көрсететін колледждің инновациялық дамуы өзін – өзі билеуге, өзін дамытуға, өзін жүйелі меңгеруге қабілетті қаржылық – экономикалық дербестік жағдайындағы белсенді азаматты қалыптастыруда тиімді жұмыс жасауда.

 

Құрметпен,  «Тараз-Болашақ»жоғары  медициналық  колледжінің директоры,

Асқаров Қанат Пернебайұлы.

2024 © tarazbolashak.kz. «Тараз-Болашақ» жоғары медициналық колледжі.