Қолданбалы бакалавр

Қолданбалы бакалавр

         «Қолданбалы бакалавр» – бұл «бакалавриат» деңгейіндегі негізгі білім беру бағдарламасын аяқтаған, әлеуметтік-экономикалық қызметтің әртүрлі салаларындағы технологиялық міндеттерді шешу бойынша құзыреттіліктерге ие, білім беру мекемесін аяқтағаннан кейін дереу кәсіптік қызметке кірісуге дайын түлекке берілетін біліктілік. Қолданбалы бакалавриаттың мәні – инновациялық талаптарға сәйкес колледждердің кейбір мамандықтарын жоғары білімге теңестіре отырып, кәсіптік-техникалық білім беру мәртебесін көтеру.

        ҚР Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында ҚР ДСӘДМ мамандары JAMK және Lahti (Финляндия) қолданбалы ғылымдар университеттерінің әріптестерімен бірлесе отырып ҚР-дағы мейіргерлік білім беру жүйесін жетілдірудің 2016-2019 жылдарға арналған жол картасын жасады. Қолданбалы бакалавриат бағдарламасы еуропалық директиваларға сай дуалды білім беру қағидаларын қарастырады.

        «Мейіргерлік іс» мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриат  «Тараз-Болашақ» жоғары медициналық колледжі» ЖШС 2019 жылдың 13 мамырында «Мейіргер ісі» мамандығының «Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры» біліктілігі бойынша лицензия берілді.

Сол жылы колледжде 68 студент қабылданып, оның ішінде 28 студент мектептен кейінгі (3,6 жылдық), ал 40 студент (1,6 жылдық) жеделдетілген топқа қабылданды.

      2020-2021 оқу жылында “Қолданбалы бакалавриат” бөлімінде 25 студент 1 жыл 6 ай жеделдетілген мерзімде бітіріп, қазіргі уақытта жалпы 89 студент білім алуда, оның  3 жыл 6 ай мерзімде 1-курс 30 студент, 2-курс 18 студент, 1 жыл 6 ай жеделдетілген мерзімде 41 студент.

Колледж  түлектері ауруларды дәрігерге дейінгі тексеру, алдын ала диагноз қою, бейінді мамандарына консультацияға бағыттау, балалар және ересек тұрғындар патронажы, дәрігердің бақылауымен дәрілік тағайындауларды жазу сынды  мейіргерлік қабылдау үшін кәсіби машықтарды игеріп шығады.                                             Колледжде «Қолданбалы бакалавриат» бөліміне арналған «Platonus» кредиттік және қашықтықтан оқу жүйесі енгізілген. Осы жүйе арқылы студенттер қашықтықтан дәріс алады.

Қолданбалы бакалавр бөлімінің меңгерушісі: Байжанова Зарина Сейтжановна.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданбалы бакалавр бөлімінің студенттеріне білім беретін оқытушылар тізімі:

1.«Фармакология, фармакотерапия және медициналық калькуляция» пәнінің оқытушысы Сарсеева Фарида Сайлауовна

2.«Денсаулықты нығайту» пәнінің оқытушысы Мұрат Жаннат Мұратқызы

3.«Жедел аурулардағы мейіргерлік күтім (хирургиялық және отадан кейінгі мейіргерлік күтім)» пән оқытушысы Аймаханова Толқын Болатхановна

4.«Мейіргерлік күтім және пациенттің қауіпсіздігі» пән оқытушысы Халдарбекова Майра Нұржановна

5.«Мейіргер ісіндегі ментальдық денсаулық» пән оқытушысы Халдарбекова Майра Нұржановна

6.«Пациент күйінің клиникалық бағасы» пәнінің оқытушысы Мурзахметова Диляра Бейбітовна

7.«Созылмалы аурулар мен қарттарға мейіргерлік күтім» пән оқытушысы Мурзахметова Диляра Бейбітовна

8. «Репродуктивті денсаулықтың мейіргерлік аспектісі» пән оқытушысы Тубекова Райса Сарсенбаевна

9.«Шұғыл мейіргерлік күтім»  пән оқытушысы Рапилханова Ақерке Сәбитқызы

10.«Отбасылық күтім» пәнінің оқытушысы Рапилханова Ақерке Сәбитқызы

11.«Кәсіби шет тілі (ағылшын тілі)» пәнінің оқытушысы Қазақбаева Гүлдана

12.«Биостатистика және зерттеу жұмыстарының нәтижелерін әзірлеу»пәнінің оқытушысы Жексембинова Айнур Каримбековна

13.«Денсаулықты сақтаудың электронды жүйесі» пәнінің оқытушысы Уалиева Махпал Шохановна

14.«Қазақстан тарихы» пән оқытушысы Валиева Арайлым Шерниязовна

15.«Анатомия, физиология және патология» пән оқытушысы Нурсейт Алибек Такенұлы

16. «Кәсіптік орыс тілі» пәнінің оқытушысы Умирбаева Гульнар Курашевна

МЕЙІРГЕР ІСІ» МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША БАКАЛАВР ДӘРЕЖЕСІНЕ ДЕЙІН ҚОЛДАНБАЛЫ ҒЫЛЫМДАР БАКАЛАВРЛАРЫН ҚАЙТА ДАЯРЛАУДЫҢ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ӘЗІРЛЕУ БОЙЫНША МАСТЕР-КЛАСС

      Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Мейіргер ісі саласындағы тәлімгерлерге арналған ұлттық білім беру бағдарламасы аясында жаттықтырушыларды даярлау» тақырыбы бойынша 2019 жылдың 4-8 қараша аралығында (54 сағат) Трюмова Д.А. мастер-класқа қатысты. Шеберлік сабағын Финляндия қолданбалы ғылымдар университетінің медбикелеріне арналған академиялық бағдарламаларды жаңғырту бойынша сарапшылар Паула Викберг - Аалтонен, Вирпи Лильестрём өткізді.

 

 

        «Мейіргер ісіндегі инфекциялық бақылау» пәнінің оқытушысы Мұрат Ж.М., «Қолданбалы бакалавриат» бөлімінің меңгерушісі Байжанова З.С. 2020 жылдың 2-6 наурызында Нұр-Сұлтан қаласында «Қазіргі заманғы құзіреттілікке негізделген мейірбикелік білім» тақырыбы бойынша мастер-классқа (54 сағат) қатысты. Шеберлік сабағын Финляндия қолданбалы ғылымдар университетінің медбикелеріне арналған академиялық бағдарламаларды жаңғырту бойынша сарапшылары Ханнеле Тюрвяйнен және Яна Перттунен өткізді.

 


     «Мейіргер ісіндегі инфекциялық бақылау» пәнінің оқытушысы Мұрат Ж.М., «Қолданбалы бакалавриат» бөлімінің меңгерушісі Байжанова З.С. 2020 жылдың 5-10 қазанында «Қазіргі мейірбикелік білім берудегі теориядан тәжірибеге» тақырыбы бойынша қашықтықтан ZOOM желісі арқылы мастер-классқа (54сағат) қатысты. Шеберлік сабағын Финляндия қолданбалы ғылымдар университетінің медбикелеріне арналған академиялық бағдарламаларды жаңғырту бойынша сарапшылар Ханнеле Тюрвяйнен және Ханна Наака өткізді.


      «Мейіргер ісіндегі инфекциялық бақылау» пәнінің оқытушысы Мұрат Ж.М., «Қолданбалы бакалавриат» бөлімінің меңгерушісі Байжанова З.С. 2020 жылдың 23-27 қарашасында «Кәсіби мейірбике ісін жетілдіру» тақырыбы бойынша қашықтықтан ZOOM желісі арқылы мастер-классқа (54сағат) қатысты. Шеберлік сабағын Финляндия қолданбалы ғылымдар университетінің медбикелеріне арналған академиялық бағдарламаларды жаңғырту бойынша сарапшылар Ханнеле Тюрвяйнен және Ханна Наака өткізді.

 

         2019 жылдың 11-15 қараша айында Шымкент қаласында “Мейіргер ісі” мамандығы бойынша “Мейіргерлік ісіндегі ғылыми зерттеулер менеджменті” циклы бойынша (54 сағат) біліктілікті арттырудан Ержанова А.Б. өтіп сертификатын алды.

 

 

        Бұл семинардың негізгі мақсаты - «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша қолданбалы ғылымдар бакалаврларын қайта даярлау бойынша білім беру бағдарламаларын Болон үдерісі және кәсіби біліктілігін танылу үшін Еуропалық Одақ талаптарына сай әзірлеу.

Мейіргерлік қызметті дайындау жүйесі («ТАРАЗ-БОЛАШАҚ» ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ»)

        Колледждің әлеуметтік серіктестері келісім-шарт негізінде диплом алды іс-тәжірибе мен оқу процесін ұйымдастыруға қатысады. Мейіргерлік қызметті дайындау жүйесіне Финляндия университетінің колданбалы ғылым үлгісі негізінде «Мейіргер ісі» оқу бағдарламасы бойынша колледжде тәлімгерлік (наставник) жүйесі енгізіліп, 2019 - 2021 жылдарға медбикелер - тәлімгерлерді даярлау жоспары құрылды. 2019-2020 оқу жылдары «Мейірбике ісіндегі тәлімгерлерді дуалды оқыту» тақырыбында 25 тәлімгер оқытылды. Жалпы келісім шартқа тұрған 5 емдеу мекемелерінде 35 сертификатталған тәлімгерлер жұмыс жасайды. Атап айтатын болсақ:

  • «Тараз-Болашақ» медициналық орталығында – 10 тәлімгер,
  • №1 қалалық ауруханасында – 7 тәлімгер,
  • Жамбыл облыстық ауруханасында – 2 тәлімгер,
  • Жамбыл облыстық мүгедектерді оңалту орталығында – 7 тәлімгер,
  • Жамбыл облыстық психиатриялық диспансерде – 9 тәлімгерлермен үздіксіз жұмыс жасаймыз.

 Емдеу мекемелері диплом алды іс-тәжірибеге материалды және клиникалық мүмкіндіктерін ұсынады, студенттерге бекітілген тәлімгер мамандармен қамтамасыз етеді және практика нәтижелерін бағалауға қатысады. Диплом алды іс-тәжірибеден өту қорытындысы бойынша әр студентке тікелей жетекшіден оқу үрдісін түзету мақсатында әдістемелік жетекшінің (медициналық ұйым қызметкері) талдамасынан өткен мінездеме беріледі. Колледждің мейіргерлік іс мамандығында білім алушыларға менторлық (тәлімгерлік) енгізіліп, клиникалық базалардың мейіргер ісі мамандарымен – маман - тәлімгер қарым-қатынасы -1:3 құрайды.   

       Медициналық білім беру жүйесіне дуалды оқытудың элементтерін енгізу мақсатында, колледж аралық, медицина мекемесімен және қолданбалы бакалавриат мамандығының студенттерімен үш жақты келісім шарт жасалып, клиникалық және дипломалды практикадан өтіп, осы орында әрі қарай жұмысқа орналасу үшін дуалды оқытудың негізгі принциптері туралы ережесімен танысу жұмыстары жүргізілуде. Қолданбалы бакалаврдың жеделдетілген топ студенттері эргономика әдістерін үйренуде.

              Колледжде ғылыми-әдістемелік бөлім жұмыс жасайды, оның ғылыми жетекшісі медицина ғылымының докторы Ордабеков С.

 

Дипломдық жұмысты орындау барысында дипломдық жұмысқа нұсқаулық жасалып, әр студентке әдістемелік жетекші тағайындалды. Бітіруші топтың дипломдық жұмыс тақырыптары бойынша «Ординатор», «Вестник» журналдарына мақалаларын жарияланды.
    2020-2021 оқу жылында «Мейіргер ісі» мамандығының «Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры» біліктілігінің 1 жыл 6 ай жеделдетілген мерзім бойынша 25 студент бітірді. Студенттер Ұлттық тәуелсіз сараптама орталығында 1-кезең “Білімді тәуелсіз бағалау”, 2-кезең “Тәжірибелік дағдыны бағалау” бойынша тест тапсырып 100 % өтіп, “Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры” біліктілігі бойынша сертификат берілді. Барлық студенттер жұмысқа орналасқан.

 

 

 

 

 

2021 © tarazbolashak.kz. «Тараз-Болашақ» жоғары медициналық колледжі.