Бөлім меңгерушілері

Доскулов Оразкул Нуралулы

"Тараз-Болашақ" колледжінің Медициналық мамандықтар бөлімінің меңгерушісі

"Тараз-Болашақ" Медициналық орталығының бас дәрігері

 

Шетелде (Германия, Латвия, Киев, Мәскеу, Баку, Ленинград) және Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

Денсаулық сақтау ұйымының қоғамдық денсаулық сақтау/гигиена жоғары санатты маманы.

 

Мемлекеттік наградалармен марапатталған:

- "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау үздігі"белгісімен.

- Қазақстан РеспубликасыТәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған естелік медальмен.

- Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласындағы еңбек жетістіктері үшін медалімен.

- Республика Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған мерейтойлық медальмен

- Облыс әкімінің Құрмет грамотасымен бірнеше рет марапатталды

- Облыстық мәслихаттың Құрмет грамотасымен.

- "Ардагер ұйымына 30 жыл" медалімен.

- "Еңбек ардагері" медалімен.

- "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігіне 10 жыл" медалімен.

- "Нұр Отан" медалімен.

«Гуманитарлық және жалпы білім беру» оқу-әдістемелік бірлестігі.


ОӘБ жетекшісі: Адильбекова З.Ж.

 

«Гуманитарлық және жалпы білім беру» ОӘБ-тігінде 30 оқытушы жұмыс істейді. . Колледждің оқу әдістемелік бірлестіші бірнеше ұқсас оқу пәндерінің оқытушыларынан ұйымдастырылатын ОУ құрылымындағы функционалдық бөлім болып табылады. Оқу- әдістемелік бірлестігі мамандықтар бойынша оқу пәндерін меңгеруді оқу-бағдарламалық және оқуәдістемелік қамтамасыз ету, МЖМБС талаптарына жауап беретін оқу пәндерінің аралық және қорытынды аттестаттаудың жұмыс бағдарламаларын әзірлеу сияқты жұмыстарымен айналысады.  Оқу-әдістемелік бірлестіктің негізгі мақсаты педагогикалық қызметкерлердің кәсіби деңгейін арттыру, мамандарды даярлау сапасын жақсартуға бағытталған инновациялық педагогикалық және ақпараттық технологияларды іске асыру болып табылады.

 

Оқу-әдістемелік бірлестіктегі барлық оқытушылар жоғары білімді. 9 оқытушы - жоғары санатты, 2 оқытушы - бірінші санатты, 7 оқытушы - екінші санатты, 3 оқытушы - магистр, 3 оқытушы - жас мамандар. Жалпы ОӘБ –нің сапалық құрамы 70,9 %  құрайды. Оқу жылының басында оқытушылардың жылдық жүктемелері бөлініп, бекітілді. Барлық оқытушылардың модульдік жұмыс бағдарламалары, күнтізбелік - тақырыптық жоспар жасалып бекітіледі.

 

Жыл басындағы колледждің  жаңа оқу әдістемелік тақырыбы «Инновациялық, ақпараттық технологияларды оқу үрдісіне енгізу негізінде бәсекеге қабілетті құзіретті маман қалыптастыру», «Жаратылыстану ғылымдары, дене тәрбиесі және БӘД» ОӘБ  тақырыбы «Деңгейлеп-саралап, ақпараттық және интерактивті оқыту технологияларын білім үрдісіне қолдану».  Барлық оқытушылар өз сабақтарында осы технологияларды пайдаланды.

 

ОӘБ-нің жас мамандары  колледждің ұйымдастырылған «Жас оқытушылар мектебінің» ай сайынғы отырысына белсене қатысып отырды.  «Жас оқытушылар мектебінің» жетекшісі З.С.Қожарова осы жас оқытушылармен жүйелі жұмыс жүргізеді.

 

Сонымен қатар әр пән оқытушы құрастырған модульдік бағдарламалары мен силлабус оқу жұмыс бағдарламалары  бойынша қорытынды сабақ ретінде тест тапсырмаларын дайындап, ОӘБ жетекшісіне және колледж әдіскеріне тексертіп, студенттерді «Платонус» оқу платформасы арқылы   бағалап отырды.

«Арнайы пәндер» ЦӘК жетекшісі Т.Б.Аймаханова

 

«Арнайы пәндер» ЦӘК-те жалпы 20 оқытушы бар. Барлығы жоғары білімді.

 

Сырттан келген педагог саны - 2. ЦӘК бойынша 1-медицина ғылымдарының  профессоры, 2-медицина ғылымдарының кондидаты, 2-бірінші  санат, 15-жас маман бар.

 

Арнайы пәндер» оқытушыларының  оқыту технологиялары: Ақпараттық-коммуникациялық технология, сыни ойлау технологиясы, проблемалық оқыту технологиясын оқыту және өзіндік жұмысты ұйымдастыру студентті кешенді әдістемелік құралдарымен, медициналық муляждармен және манекендермен, робот симуляторлармен жұмыс жасап көрсетіп, тәжірибелік дағдыны оқытуда білім берудің озық тәсілдерін қолдануды, курстан курсқа өткен сайын күрделі дағдыларды игеруді,
оқу үдерісіндегі ақпараттық-әдістемелік және материалды-техникалық базаны  үздіксіз жетілдіріп үйретуді көрсетеді.

 

ЦӘК-тің жас мамандары  колледждің ұйымдастырылған «Жас оқытушылар мектебінің» ай сайынғы отырысына белсене қатысып отырды.  «Жас оқытушылар мектебінің» жетекшісі З.С.Қожарова осы жас оқытушылармен жүйелі жұмыс жүргізеді.

 

Сонымен қатар әр пән оқытушы құрастырған модульдік бағдарламалары мен силлабус оқу жұмыс бағдарламалары  бойынша қорытынды сабақ ретінде тест тапсырмаларын дайындап, ЦӘК жетекшісіне және колледж әдіскеріне тексертіп, студенттерді «Платонус» оқу платформасы арқылы   бағалап отырды.

 

Колледжде болашақ мамандарды даярлау сапасын арттыру мақсатында заманауи технологиямен жабдықталған Симуляциялық орталық құрылған. Симуляциялық орталық емхана түрінде ұйымдастырылып, жабдықталған. Медициналық орталықта бейнебақылау орнатылған 10 кабинет бар.

 

Симуляциялық орталықтың жұмыс бағыты

1.Арнайы пәндер оқытушылары 2-3-4 курс студенттерінің коммуникативті және кәсіптік дағдыларды дамыту сұрақтары бойынша клиникалық оқу пәндерінен факультативті сабақ ретінде симуляциялық оқыту;

2.Жоғары медициналық колледж студенттерінің  біліктілік атестатын тапсыру мақсатында біліктілік емтихандарын өткізуге дайындау.

 

Симуляциялық орталығында оқытулатын тәжірибелік дағдылар:

- Акушерлік және неонатологиядағы шұғыл жағдайларда көрсетілетін көмек;

- Ересектер мен балаларда жүрек тоқтау кезінде жедел жәрдем көрсету;

- Жарақат кезінде жедел жәрдем көрсету;

- Жараны алғашқы өңдеуді және таңуды өткізу;

- Шок кезінде жедел жәрдем көрсету;

- Парентеральді инъекция әдістерін әзірлеу;

- Сыртқы қан кетуді тоқтату әдістері;

- Медицина манипуляциясын және аурудың алдын алуды түсіндіруде коммуникативті дағдылар;

«Мейіргер ісі», «Қолданбалы бакалавр» мамандықтар пәндерінің»

ОӘБ жетекшісі А.А.Андабаева

 

     ОӘБ жалпы 15 оқытушы бар. Барлығы жоғары білімді.

ОӘБ бойынша 8-акадеамический бакалавр, 7-педагогикалық және қолданбалы бакалавр, 2-мадератор санатты мамандар  бар.

     «Мейіргер ісі», «Қолданбалы бакалавр» мамандықтар пәндерінің оқытушыларының  оқыту технологиялары:

- Сыни ойлау технологиясы, проблемалық оқыту технологиясын оқыту, ақпараттық-коммуникациялық технология және өзіндік жұмысты ұйымдастыру студентті кешенді әдістемелік құралдарымен, медициналық муляждармен және манекендермен, робот симуляторлармен жұмыс жасап көрсетіп, тәжірибелік дағдыны оқытуда білім берудің озық тәсілдерін қолдануды, курстан курсқа өткен сайын күрделі дағдыларды игеруді, оқу үдерісіндегі ақпараттық-әдістемелік және материалды-техникалық базаны  үздіксіз жетілдіріп үйретуді көрсетеді.

     Сонымен қатар әр пән оқытушы құрастырған модульдік бағдарламалары мен силлабус оқу жұмыс бағдарламалары  бойынша қорытынды сабақ ретінде тест тапсырмаларын дайындап, ОӘБ жетекшісіне және колледж әдіскеріне тексертіп. Студенттерді «Платонус» оқу платформасы арқылы   бағалап отырды.

 

     Колледжде болашақ мамандарды даярлау сапасын арттыру мақсатында заманауи технологиямен жабдықталған: Мейіргер ісі негіздері (тәжірбие кабинеті)-8 какбинет, оңалту (тәжірбие кабинеті)-1 какбинет,  симуляциялық орталық құрылған. Мейіргер ісі негіздері (тәжірбие кабинеті), симуляциялық орталық емхана түрінде ұйымдастырылып, жабдықталған. Медициналық орталықта бейнебақылау орнатылған 10 кабинет бар.

    Симуляциялық орталықтың жұмыс бағыты

1. «Мейіргер ісі», «Қолданбалы бакалавр» мамандықтар пәндерінің оқытушылары 2-3 курс студенттерінің коммуникативті және кәсіптік дағдыларды дамыту сұрақтары бойынша клиникалық оқу пәндерінен факультативті сабақ ретінде симуляциялық оқыту;

2. Жоғары медициналық колледж студенттерінің  біліктілік атестатын тапсыру мақсатында біліктілік емтихандарын өткізуге дайындау.

 Симуляциялық орталығында оқытылатын тәжірибелік дағдылар:

- Акушерлік және неонатологиядағы шұғыл жағдайларда көрсетілетін көмек;

- Ересектер мен балаларда жүрек тоқтау кезінде жедел жәрдем көрсету;

- Жарақат кезінде жедел жәрдем көрсету;

- Жараны алғашқы өңдеуді және таңуды өткізу;

- Шок кезінде жедел жәрдем көрсету;

- Парентеральді инъекция әдістерін әзірлеу;

- Сыртқы қан кетуді тоқтату әдістері;

- Медицина манипуляциясын және аурудың алдын алуды түсіндіруде коммуникативті дағдылар;
   
   

2024 © tarazbolashak.kz. «Тараз-Болашақ» жоғары медициналық колледжі.