Түркістанға саяхат

Саяхат ең алдымен Оңтүстік Қазақстан облысындағы тарихи, киелі орын Арыстан баб кесенесіне барудан басталды. Бұл жерде баба мүрдесі қойылған ерекше бөлмені көріп, арнайы тілек тілейтін орында болып, Арыстан баб құдығының қасиетті суының дәмін татты. Студенттерді таңқалдырған, оларды қызықтырған ерекше нысан болды. Бұл Арыстан бабтың қабіріне түнеп, мінәжат етуі. Түскі астан кейін Түркістандағы Ахмет Яссауи кесенесіне саяхаттады. Саяхат барысында студенттер еліміздің түркі тілдес халықтардың рухани орталығы, Қазақ хандығының саяси астанасы болған Түркістан қаласын, XV ғасырда Қ.А. Яссауиге арнап тұрғызылған кесенесін аралап, ғажайып «Тайқазанды», Ахмет Яссауи мүрдесіне қойылған құлыптасты, жерленген бөлмені, Абылай хан ескерткішін көрді, тарихымен танысты. Одан соң жер асты мешітіне барып, Ахмет Яссауи қылуетке түскен жерді көздерімен көрді. Шығыс моншасы мен Жұма мешітінде болды, Рабия Сұлтан Бегімнің кесенесін тамашалап, ерекше әсер алды.
Саяхат тек тарихи нысандарды аралау және олармен танысумен шектелмей, әрі қарай ғылыми-көпшілік бағдарламаларымен жалғасын тапты.
Бұл экскурсияның танымдық қызметімен бірге тәрбиелік, сауықтырушылық және спорттық мәні де зор болды. Бұл тарих саласы мен ой-танымдық мәдениетіне және шынайы тәжірибе алмасуға бағытталған бұл саяхат көпке үлгі болары сөзсіз.

2021 © tarazbolashak.kz. «Тараз-Болашақ» жоғары медициналық колледжі.